Header Banner

ОСК: Сағат 10:00-де сайлаушылардың 12,3 пайызы дауыс берді

ОСК: Сағат 10:00-де сайлаушылардың 12,3 пайызы дауыс берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы деректер:
 
Астана қаласы – 9,93%
Абай облысы – 12,56%
Ақмола облысы – 12,04%
Ақтөбе облысы – 16,49%
Алматы облысы – 13,53%
Атырау облысы – 11,86%
Батыс Қазақстан облысы – 11,85%
Жамбыл облысы – 12,83%
Жетісу облысы – 14,24%
Қарағанды облысы – 14,01%
Қостанай облысы – 9,75%
Қызылорда облысы – 16,33%
Маңғыстау облысы – 13,02%
Павлодар облысы – 10,91%
Солтүстік Қазақстан облысы – 10,82%
Түркістан облысы – 15,32%
Ұлытау облысы – 12,97%
Шығыс Қазақстан облысы – 14,37%
Алматы қаласы – 6,41%
Шымкент қаласы – 12,67%

Республика бойынша сағат 10:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31% дауыс берді.