12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда генерик препараттардың бағасы 30 пайызға төмендетілді

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда генерик препараттардың бағасы 30 пайызға төмендетілді

|
Photo: freepik.com

Мемлекет басшысының бағаны қалыптастыру тетігін реформалау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі жұмыстар жүргізді. Оның нәтижесінде генерик препараттардың шекті бағасы түпнұсқалық дәрілердің құнынан 30%-ға төмендетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған шара халық үшін дәрілердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Реформа аясында баға құрау тізбегінен маркетингтік және көлік шығындары алынып тасталды.

Әділ баға белгілеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі оларды халықаралық нарық бағасымен салыстыра бастады. Ведомство мамандары 100-ден аса елдің өзекті бағалары бар халықаралық дерекқорға қол жеткізді. Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі мен МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың 2,9 мың сауда атауы, бөлшек және көтерме сауда үшін 4,9 мың атауы бойынша бағалар қайта қаралды.

«2025 жылы Бірыңғай дистрибьютор өткізген сатып алулар нәтижесінде 70,5 млрд теңге үнемделді. Үнемделген қаражат қосымша қажет дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалды. Биылғы қазан айындағы бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді», - деп атап өтті вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗