Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды
9 желтоқсан, 2025
Фото: видеодан скриншот: Үкімет отырысы
ҚР Президентінің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.
«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады», - деді Нұрлан Сауранбаев.
Ұқсас жаңалықтар
20 маусым, 2026
Олжас Бектенов жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды
19 маусым, 2026
Олжас Бектенов пен Яков Милатович екіжақты әріптестіктің жаңа бағыттарын қарастырды
18 маусым, 2026
Олжас Бектенов: Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметке дамудың стратегиялық бағыты ретінде мән береді
18 маусым, 2026
«Даму» қорының мобильді фронт-офистері шалғайдағы 300-ден аса кәсіпкерге кеңес берді