06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда полицейлер браконьерден 300 келіге жуық балық тәркіледі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда полицейлер браконьерден 300 келіге жуық балық тәркіледі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңір аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, биологиялық ресурстар мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

«Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 фактісін анықтады. Полицейлер Май ауданында Нива көлігін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында көліктен шамамен 278 келі болатын балық табылды. Ал аулаған азаматтардың рұқсат берілген тиісті құжаты жоқ боп шықты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізілуде», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗