Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
15 қараша, 2025
Aqorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Президент жеделхатында Қазақстан Палестинаны араб әлеміндегі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын әрі аталған елді нығайтуға және жарқын болашаққа негіз болатын халықаралық бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін жазған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Палестина халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
21 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті шақыруымен Брюссельге барады
20 маусым, 2026
Қазақстан Ауғанстанға 318 тонна гуманитарлық көмек және қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді
20 маусым, 2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық жағдайға қатысты бірқатар келісім жасады