Ертең мемлекеттік электрондық сервистер уақытша жұмыс істемейді
1 тамыз, 2025
фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
2 тамыз күні сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін мемлекеттік электрондық сервистерде техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.k «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы уақыт ішінде келесі мемлекеттік электрондық қызметтердің жұмысы уақытша шектеледі:
- eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
- e-Otinish және E-license порталдары, сондай-ақ Ашық үкімет жүйелері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) сервистері;
- «ҰАТ» АҚ қолдауындағы басқа да жобалар;
- Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызметтер.
Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық пайдаланушыларға техникалық жұмыстар басталмас бұрын қажетті операцияларды аяқтап, құжаттарды ұсыну қажет болса, олардың түпнұсқаларын алдын ала дайындауды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:51
Жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылған
Бүгін, 11:06
15 наурыздағы референдум: басқа учаскеде қалай дауыс беруге болады
Бүгін, 09:56
Әуе компаниясы Медина мен Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
2 наурыз, 2026
Пробация бақылауын елемеген азамат бас бостандығынан айырылды