Елордалықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
25 желтоқсан, 2024
фото: Астана қаласы әкімдігі
Елорда тұрғындары бүгін Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған, қаза тапқандар бар.
Астаналықтар Әзербайжан халқымен бірге қайғырып, қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеу қаласының спорттық делегациясы Астанаға экскурсия жасады
21 желтоқсан, 2025
«S.O.S»: Астанада нашақорлықтың алдын алуға арналған спектакль өтті
20 желтоқсан, 2025
«Көмек сұраған дауысты естіген»: Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды
20 желтоқсан, 2025
Астанада «Ұлттық код – ұрпаққа аманат» этнофорумы өтті