10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде оқушылар арасында алғаш рет қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде оқушылар арасында алғаш рет қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

|
Photo: Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

«Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗