Қазақстандықтарға электр желісіне қосылу рұқсатын ЖИ беруі мүмкін
28 қазан, 2025
Фото: Алматы әкімдігі
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында электр желісіне қосылу рұқсатын ЖИ беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазір техникалық шарттарды беру процесі «АЖК» АҚ техникалық персоналы тарапынан жүзеге асырылады. Бұл ретте адам факторы басымдық танытып, түрлі қателіктер болуы мүмкін. Соның салдарынан түпкі тұтынушының электр жүйесіне қосылуы қымбаттауы мүмкін. Жасанды интеллект енгізу техникалық шарттарды тұтынушыға барынша оңтайлы схемамен беріп, адам факторын толығымен жоюға мүмкіндік береді», - деді компания басшысы.
Соның арқасында техникалық шарттарды әзірлеу мен беру мерзімінің қысқарып, желіге қосылудың ең оңтайлы нүктесін анықтау жеңілдемек.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
Акционерлік қоғамның басқарма мүшесі директорлар кеңесінің шешімін Конституциялық Сотта даулады
19 желтоқсан, 2025
Елімізде етті ең көп жейтін өңірлер анықталды
19 желтоқсан, 2025
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары кәсіпкерлікпен айналыса алады
19 желтоқсан, 2025
Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі артты