Тоқаев Словения Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
25 маусым, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
31 шілде, 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр – Тоқаев
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев консультативтік кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды
31 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады