Түркістан облысында демалушылар көпір бұзылып өзеннің арғы бетінде қалып қойған

Түркістан облысында демалушылар көпір бұзылып өзеннің арғы бетінде қалып қойған
Фото: polisia.kz

Төле би ауданына қарасты Екпінді ауылындағы Ақмешіт өзені арқылы өтетін екі өтпелі көпір нөсер жауын кезінде бұзылып, өзеннің арғы бетінде демалып жүрген азаматтар кері өте алмай қалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-к сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы техниканы пайдаланып, эвакуациялауды ұйымдастырды.

Арғы бетінде қалған 78 азамат, оның ішінде 28 жасөспірім аман-есен бергі жағаға өткізілді.

Барлық эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне жеткізілді.

Еске сала кетсек, Алматыда түнде таудың басында қалып қойған үш жасөспірім құтқарылды.