Референдум-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.