ҚР Әділет министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры Айша Айтқалиева халықаралық жария құқық профессоры Дапо Аканде мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Шон Мельбурнмен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Айша Айтқалиева ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі.