Өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді: Астана тұрғындары үшін шұғыл хабарлама жарияланды
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 11:00-де Мәңгілік ел даңғылы, 54 мекенжайында орналасқан Orynbor Towers-3 тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілетін болады. Аталған оқу-жаттығуға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 бірлік техникасы мен 25 қызметкері жұмылдырылады. Осыған байланысты Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрайды», - деп жазылған ТЖД баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін жылыту маусымы басталғалы бері Астанада 55 өрт болғанын жаздық.