200-ге жуық астаналық судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шараға қатысты
Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында қалалық «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы «Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі» атты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz прокуратураға сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жауапты мінез-құлықты насихаттау.

Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару құралдарының көрсетілімін өткізіп, алғашқы көмек көрсету тәртібін түсіндірді.

Қалалық жағажайда өткен іс-шараға спортшыларды, жүзу әуесқойларын және қала тұрғындарын қоса алғанда 200-ге жуық адам қатысты.

Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.
