СІМ Қазақстанға инвестиция тартуды күшейтудің негізгі міндеттерін белгіледі
Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту және инвестиция тарту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Инвестициялар комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығымен жұмыс бабындағы кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру, әлеуетті инвесторлармен жұмыс, ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны дамыту және халықаралық инвестициялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Мұхтар Тілеуберді алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер мен басым бағыттарды айқындады. Атап айтқанда, инвесторлармен жұмыстың тиімділігін арттыруға, инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және Қазақстан экономикасына капитал тартуда үйлесімді тәсілді қамтамасыз етуге басымдық берілді.
Министрліктің мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға және елдің халықаралық капитал үшін тартымдылығын арттыруға бағытталады.
Бұған дейін Қазақстан болашақ ұрпаққа қалай инвестиция салатыны туралы жазғанбыз.