«Дубайға барады»: Астанада ата-аналарды сан соқтырған адам ұсталды

«Дубайға барады»: Астанада ата-аналарды сан соқтырған адам ұсталды
Фото: Астана қаласы Полиция департаменті

Астанада домбыра үйірмесіне қатысатын балалардың ата-аналарынан полицияға ұжымдық арыз түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, 32 жастағы ер адам ата-аналардың сеніміне кіріп, үйірме тәрбиеленушілерін байқауға қатысу үшін Дубайға апаруды ұйымдастыруға уәде берген. Осы сылтаумен ата-аналардан түрлі мөлшерде ақша алған.

«Қазіргі уақытта алдап ақша иемденуге қатысты 11 дерек анықталды.  Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда», деп мәлімдеді ведомство.

Полиция азаматтарға ақша бермес бұрын ұсынылған ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді, құжат пен қызмет көрсету шартын мұқият тексеруді, сондай-ақ ресми құжаты жоқ уәделерге сенбеуді ескертеді. 

Еске салсақ, криптовалютамен несие алғандар алаяқтарға ұрынған.