Қазақстанның Куба мен Марокко Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды

Қазақстанның Куба мен Марокко Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Куба Республикасын мен Марокко Корольдігіне жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал, Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.