Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа директор тағайындалды

20 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа директор тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болған Асқар Омаров лауазымынан босатылды.