Елордада қатарынан бес жеңіл автокөлік өртеніп кетті – ВИДЕО

Бүгін, 09:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада қатарынан бес жеңіл автокөлік өртеніп кетті – ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот/112 KZ

Бүгін Астананың «Сарайшық» ауданында, А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», - деп ескертті төтеншеліктер. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада тұрғын үйдің бірінші қабатындағы ательенің өртенгені туралы жаздық.