Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялауға қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.