Астанада кішкентай баланың ернінен сүйген қызға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Бүгін, 16:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада кішкентай баланың ернінен сүйген қызға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Әлеуметтік желіде көлікте отырған қыздың  кішкентай баланың ернінен ұзақ сүйген видеосы таралды. Видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында резонанс тудырып, полицияның назарын аударды. Көпшілік бұл оқиғаға «баланың жеке шекарасына өту» деп баға берді​​​​​​, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астана қаласы «Алматы» ауданының полиция басқармасы видеодағы қыздың жеке басын дереу анықтағанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, оның жасы 23-те, ол баланың анасының құрбысы болып шықты.

«Қызға қатысты тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деп мәлімдеді Астана қаласы «Алматы» ауданының полиция басқармасы.

Ал баламен болған жағдайды ұялы телефон камерасына түсірген анасы баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да әйелдің ұзақ уақыт бойы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін оған ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарылғаны туралы жаздық.