Елордада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапкершілікке тартылды
Астанада полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғынынан Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында белгісіз тұлғалардың автокөлікте музыканы қатты қосып, шулағаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылық фактісін анықтады. Тексеру барысында көлік иесі 34 жастағы азамат екені белгілі болды.
Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 45 мыңға жуық тыныштықты бұзу фактісі анықталған.
Полиция азаматтарды түнгі уақытта тыныштық сақтауға, айналасындағылардың демалуына кедергі келтірмеуге және қоғамдық тәртіп талаптарын құрметтеуге шақырады.
Еске сала кетейік, елордада 306 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды.