Бүгін Астанада температура +32 градусқа дейін көтеріледі

Бүгін Астанада температура +32 градусқа дейін көтеріледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 

Оңтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. 

Күндіз ауа температурасы +30,+32°С-ға жетеді.