Алматыда ескі базар 7,3 мың шаршы метрлік сауда үйіне айналды
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Алматы қаласының халқы мен және бизнес өкілдерімен кездесуде сауда саласында атқарылған жұмыстарған тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматының ішкі саудасындағы тауар айналымы 12,3 трлн теңге болды. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында сауда саласына тартылған инвестиция көлемі 161,8 млрд теңгеге жетті.
Өңірде 37 сауда базары жұмыс істейді, оның 31-і әмбебап, 6-ы мамандандырылған. Сондай-ақ 12 сауда желісі жұмыс істейді, оның ішінде 7 ірі сауда желісі бар: Magnum, Small, MyMart, Toimart, Metro, Interfood және Galmart. Бұдан бөлек, өңірде 4 457 «үй жанындағы» дүкен, 21 сауда-ойын-сауық орталығы, 29 сауда орталығы және 42 сауда үйі жұмыс істеп тұр.
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков қаладағы сауда базарларын модернизациялау жол картасына сай жаңғыртудан өткен сауда нысанына барды. Осыған дейін көп контейнерлі «Тиграухад» базары, толық жаңғыртудан өтіп, «Abai Plaza» сауда үйіне айналған.
«4,5 млрд жеке инвестицияға базарымызды жаңғыртып, қазір оны 7 300 шаршы метр сауда орталығына айналдырдық. Сауда үйімізде қазір 55 жалға алушы бар. Олардың 80 пайызы бұрынғы жалға алушыларымыз», - деді Азамат Шағытов «Тиграхауд» ЖШС-ның бас директоры.
Еске сала кетсек, Астанадағы «Артем» базары маңы өзгердінда жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.