Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысы толық жабылады

Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысы толық жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласында 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған қиылыста мердігер ұйым инженерлік желілерді орнатып, жолдың негізгі төсемін төсейді.



Осы көшелерде жүретін жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгісі орнатылады. 

Еске салсақ,  8-11 қыркүйек аралығында Өндіріс көшесі де уақытша жабылды.