Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру шамдары жағылды

Астанада Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру шамдары жағылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мемлекеттік мереке қарсаңында елордадағы ғимараттар мен LED экрандар мерекеге орай безендірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған мерекелік бейнелер 3D LED экранда, үлкен шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінде және қаланың басқа да нысандарында көрініс тапты.

Мерекеге арналған безендірулер тарихи датаның маңызын айшықтап, елордада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырады.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 35 жыл толады.