05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Салық мекемелерінің назарына іліккен блогер 3 қабатты үй сатып алды

|
Photo: Фото: Instagram/darhanzholshybekov
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Салық мекемелерінің назарына іліккен блогер 3 қабатты үй сатып алды

|
Photo: Фото: Instagram/darhanzholshybekov

Көпке белгілі блогер Дархан Жолшыбеков  пен Дариға Нүркеева зәулім жаңа үйін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жаңа қоныс. Барлығыңызға жұғысты болсын!», - деп жазды блогер.

Ал желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып жатыр.

«Құтты болсын», «Үйге жедел саты орнату Дархан үшін сән ғой», «Жандарым, сендер лайықсыздар», «Жарайсың, Дархан», «Іші толған береке болсын», «Құттықтаймыз», «Жұғысты болсын» - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, Дархан Жолшыбеков құны 300 млн теңге тұратын үйді атыраулық отбасыға сыйға тартқан болатын. BIZDIÑ ORTA подкастында мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова  блогер 300 млн теңгесін ұтысқа тігіп, 1,5 млрд теңге ақша жинап алса да, әлі күнге дейін салық төлемегенін айтты. Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, блогер  ұтысқа салған үйін туыстарының бірі ұтып алғаны мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗