Президент Астана әкіміне граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Президент Астана әкіміне граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.

Еске сала кетсек, Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады.