Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана әкімдігі

19 қыркүйек пен 25 қазан аралығында Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Әр демалыс сайын елорда тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей отандық өндірушілерден сатып ала алады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жәрмеңкелерге Қазақстанның 13 облысының өкілдері қатысады. Негізгі қағидат – «алқаптан сауда сөрелеріне дейін». Тікелей жеткізілім делдалдар санын азайтып, сатып алушылар үшін өнім бағасын қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкелер мына күндері өтеді:

19-20 қыркүйек – Қызылорда және Атырау облыстары;

26-27 қыркүйек – Абай, Алматы және Маңғыстау облыстары;

3-4 қазан – Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;

10-11 қазан – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;

17-18 қазан – Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары;

24-25 қазан – Қарағанды және Қостанай облыстары. 

Осылайша, алты демалыс күнінде елорда тұрғындары еліміздің әр өңірінен келген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден тікелей сатып ала алады.

Бұған дейін Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру үшін не істеліп жатқанын жаздық.