Нысана көздеуден үш спортшымыз Әлем кубогында бақ сынайды

Бүгін, 17:25
Думан Аманжол Думан Аманжол
Нысана көздеуден үш спортшымыз Әлем кубогында бақ сынайды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеге 50 елден 378 спортшы тіркелген.

Қазақстан құрамасынан алдын ала тізімге Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков енді. Отандастарымыз 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ ату сайысында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 8-16 қазан аралығында өтеді.

Еске салсақ, Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турниріне қатысады.