Қазақстанның екі әлемдік рекорды GBR кітабына енді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қой жүнінен жасалған әлемдегі ең үлкен мемлекет картасы және қой жүнінен жасалған 750 картинадан тұратын көрме GBR Global best of records қамқорлығымен Азия және Африка елдері бойынша дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді.
Жоба аясында оқушылар мен педагогтер бірігіп жүннен көркем туынды әзірледі. Әрбір туындыда халқымыздың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлі қолөнерінің қайталанбас ерекшеліктері көрініс тапты.
Іс-шараның ең ерекше туындысының бірі – көлемі 7×4 метр болатын Қазақстан картасы. Ұлттық нақышта жүннен жасалған бұл ауқымды шығарма еліміздің бірлігі мен тұтастығын, рухани байлығы мен ұлттық мақтанышын айшықтады.
Бұл жетістік Астана қаласындағы С. Сәдуақасов атындағы №78 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі, Ұлттық дизайн академиясының академигі, этнодизайнер Ләззат Атыбайға тиесілі.
Рекорд ұйымының ордені мен марапаттау құжаттарын салтанатты табыстау Түркияның Ыстанбұл қаласында SAMMIT GBR 2026 аясында өтеді.
Еске салсақ, HackAlem AI әлемдік рекорд орнатып, Қазақстанға Guinness сертификаты табысталды.