Елімізде орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту мақсатында ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Жоба «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылады.
Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау. Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Еске сала кетсек, Абай және Павлодар облыстарындағы орман алқаптарын қалпына келтіру мен өртке қарсы инфрақұрылымды нығайтуға 500 миллион теңге бағытталды.