Алматыда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 10:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Алматыда 4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: pexels.com

Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС мәліметінше, жер дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 09:38:07 тіркелді.

Қашықтық: 8.0 км.

Бағыт: Оңтүстік-батыс

Есептік қарқындылығы:

Алматы қаласы 6 км 3-4 б;

Қарасай (Қаскелең) 18.0 км 2-3 б;

Боралдай ауылы 19.0 км 2-3 б;

Өтеген батыр ауылы 28.0 км 2 б.

Сондай-ақ қала тұрғындарының ұялы телефондарына ескерту жіберілді.

Назар аударыңыз! Қарқындылықпен жер сілкінісі болды. Келесі нұсқауларға дейін ашық кеңістікте болыңыз! Ғимараттың зақымдануы немесе өртене бастауы анықталған жағдайда төтенше жағдайлар депараментінің жедел желісіне телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз (279-22-32). Егер Сіз ғимаратта қалып қойған болсаңыз, сабырлық сақтаңыз, сенім телефон арқылы орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз! Қосымша ақпараттар ТЖД мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, — делінген хабарламада.