Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Бүгін, 10:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ол осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарып келді. Одан бұрын Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімі болған. 

Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылғы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.

Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол бұрын мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарда қызмет етті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болды. 

Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылғы 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.