ТЖМ авиациясы кезекті санитариялық рейсті сәтті орындады

25 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
ТЖМ авиациясы кезекті санитариялық рейсті сәтті орындады
Фото: видеодан скрин

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы науқасты медициналық мекемеге жеткізу үшін Екібастұздан Павлодар қаласына санитариялық авиация рейсін орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әуе кемесінің бортында мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж әйел болды. Ол жедел түрде облыс орталығына жеткізілді.

Кейін науқас одан әрі тексеру және ем қабылдауы үшін тиісті мамандарға тапсырылды.

Санитариялық авиация рейстері шалғай елдімекендерден науқастарды медициналық көмек көрсету үшін қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда маңызды.

Бұған дейін ТЖМ тікұшағы баланы Есілден Көкшетауға шұғыл жеткізгенін жаздық.