Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

25 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ислам 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан жекелей сайыста өнер көрсетті.

Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды – 360.5. Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды – 360.2.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.