Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

25 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды
Фото: Сыртқы істер министрлігінен

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.