Жалпыұлттық аза тұту күні

«Барыс» – «Нефтехимик» матчы 26 қыркүйекке ауыстырылды

Бүгін, 17:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Барыс» – «Нефтехимик» матчы 26 қыркүйекке ауыстырылды
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Жалпыұлттық аза тұтуға байланысты 25 қыркүйекке жоспарланған «Барыс» - «Нефтехимик» матчы барлық тараптардың келісімімен 26 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын ертең Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

«25 қыркүйекке сатып алынған барлық билеттер ертеңгі матчқа жарамды. Билетті қайтару қажет болған жағдайда, мына сілтеме арқылы өтіп, нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет», - делінген хабарламада.

Билетті қайтару кезінде билет жүйесі тарапынан автоматты айыппұл есептелмеуі үшін «Қайтару себебі» жолына міндетті түрде «Матчтың ауыстырылуына байланысты» деп көрсету қажет.

Еске салсақ, 26-27 қыркүйек күндері елорданың «Тарлан арена» спорт кешенінде пара хоккейден Қазақстан чемпионаты өтеді.