Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты Президентке көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

25 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты Президентке көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр
Фото: akorda.kz

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Президент Путинге ауыр сәтте көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді.