Астанада студенттер ағаш отырғызу іс-шарасына атсалысты

26 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада студенттер ағаш отырғызу іс-шарасына атсалысты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорданың «Байқоңыр» ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студент 130 түп жасыл желек отырғызды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаш, ал 50-ге жуығы – бұта. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады.

Игі бастамаға белсенді қатысқан жастар қоршаған ортаны қорғау мен туған қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.

«Байқоңыр» ауданында күзгі көгалдандыру жұмысы жүріп жатыр. Мұндай экологиялық іс-шаралар тұрғындар мен жастарды табиғатты аялауға, қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға және елорданың жасыл қорын көбейтуге бағытталған.