Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін, 18:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Тбилиси қаласында (Грузия) өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Асылан Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ол J1 класында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге 44 елден 290 спортшы қатысып жатыр.