Қазақстанда өңделген сүт өндірісі 441 мың тоннадан асты

28 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Қазақстанда өңделген сүт өндірісі 441 мың тоннадан асты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда биылғы қаңтар-тамыз айларында 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңделген сүт өндірісінің ең жоғары көлемі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда 120,8 мың тонна өнім өндірілген.

Одан кейінгі орындарда Ақмола облысы – 96,2 мың тонна, Алматы облысы – 64,7 мың тонна және Қостанай облысы – 43 мың тонна көрсеткішпен тұр.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 671 мың тонна өңделген сүт өндірілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық.

Биылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан 2,9 мың тонна өңделген сүт экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 2,8 мың тоннадан 3%-ға жоғары.

Қазақстандық өңделген сүттің негізгі экспорттық бағыттары – Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан.

Атап айтқанда, Ресейге 2,24 мың тонна, Өзбекстанға 307,9 тонна, ал Тәжікстанға 194 тонна өнім жөнелтілді.

Бұған дейін елімізде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесі екі есеге жуық артқаны хабарланған еді.