Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі 10 миллионнан астам жолаушы тасымалдады

Бүгін, 09:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі 10 миллионнан астам жолаушы тасымалдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінің жолаушылар легі 10 миллион сапардан асты, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Іске қосылған сәттен бастап елорда тұрғындары мен қонақтары 10 миллионнан астам сапар жасады.

Қыркүйек айындағы орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың жолаушыны құрайды», - делінген хабарламада.

Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар:

* «Университет» – 1 463 953 жолаушы;

* «Бәйтерек» – 1 208 610 жолаушы;

* «Нұрлы жол» – 1 060 068 жолаушы.

Жол ақысын бірнеше тәсілмен, оның ішінде көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.

Еске сала кетейік, LRT станцияларында көлік полицейлері тәулік бойы кезекшілік атқарады.