Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды

Бүгін, 17:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Шпага бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Еске салайық, бұған дейін Азия ойындарында жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алғаны туралы жаздық. 

Бұл алтын – қазақстандық семсерлесушілердің биылғы маусымдағы жарқын жеңістерінің жалғасы.

Маусым – Азия чемпиондары

Шілде – әлем чемпиондары

Қыркүйек – Азия ойындарының чемпиондары!

Осылайша, Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы бірнеше айдың ішінде Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және Азия ойындарында жеңіске жетіп, үш ірі додада қатарынан алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан - командалық шпагададан Азия ойындарының чемпионы.

Еске салайық, бұған дейін Азиада ойындарында жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.