Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

28 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстан аралас командалар арасындағы сайыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен топ жарды. Ал 286,2688 ұпай жинаған Жапония екінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды.