Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

28 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып, екінші орын алды. БАӘ өкілі 54,31 секунд нәтижесімен Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Үшінші орынға Үндістан спортшысы Витья Рамрадж жайғасты. Ол да жеке рекордын жаңартып, 54,75 секунд уақыт нәтижесін көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.