ҰҚК маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі биылғы маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану, жымқыру, қызметтік жалғандық жасау, билікті асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты болды.
Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікті деп танылды.
149 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 129-ы сотқа жіберілді.
Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,7 млрд теңгені құрады. Бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін Астанада шетелдіктерге ЖСН заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленгені туралы жаздық.