Биыл 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті

29 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Биыл 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен өткен екі апталық курсқа еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылып, педагогтер мазмұнды семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді өз тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.

Алдағы кезеңде де педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.