«Таза Қазақстан»: Астанада мәдениет қызметкерлері экоакцияға шықты

«Таза Қазақстан»: Астанада мәдениет қызметкерлері экоакцияға шықты
Фото: Астана әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мәдениет қызметкерлері экоакцияға шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында мәдениет саласына қарасты ұйымдардың аумақтарында тазалық жұмысы жүргізіліп, айналадағы қоқыстар жиналып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Экологиялық іс-шараның негізгі мақсаты – елорда тазалығын сақтауға үлес қосу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық жауапкершілікті арттыру.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай бастамалар елорданы таза әрі жайлы қалаға айналдыруға бағытталған ортақ іске үлес қосады.

Бұған дейін Астанада 100-ден астам кәсіпкерлік саласының қызметкері сенбілікке шыққанын жаздық.